АЙЫППҰЛ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРҒАНДАРҒА ЖАЗА ҚОЛДАНЫЛАДЫ
Ағымдағы жылдың 9 айында облыс бойынша 111 мың 490 құқық бұзушылық анықталып, оның 74 мыңы бойынша 754 млн. теңгенің айыппұлы салынған.
Жергілікті «Қоғам ТВ» телеарнасы хабарлағандай, бүгінгі күнге дейін 315 млн. теңге өндіріліп, өтелген айыппұл 41,8 пайызды құраған. Ал қалған қаржының борышкерлер төлеуден жалтарып жүргенге ұқсайды. Полиция қызметкерлері енді өз еркімен төлеуден бас тартқан тұлғаларға заңды түрде шара қолдануға тура келетіндігін айтады. Полиция қызметкерлері айыппұлды өндіру барысында көптеген қиындықтарға кезігетіндерін жеткізді. Құқық бұзған азаматтар хаттама толтыру кезінде мекен-жайларын дұрыс айтпай, оларды іздеп бару қиынға соғады екен. Сонымен қатар Батыс Қытай-Батыс Еуропа жолындағы өзге аймақтың тұлғаларына салынған айыппұлдар да, өндірілмей ұзаққа жатып қалатын көрінеді. Салынған айыппұлдардың өз еркімен төлеу уақыттарының өтуіне байланысты 229 млн. теңге құрайтын 17 мың 361 қаулы сот актілерін орындау департаментіне жолданған.
70 млн. теңгені құрайтын 6 мың 517 әкімшілік іс мәжбүрлеп өндіру үшін азаматтардың жұмыс орындарына жіберіліпті. Қазіргі таңда мәжбүрлеп өндіру жұмыстарын жандандыру мақсатында 15 жеке сот орындаушы өз жұмыстарын бастап кетті. Олар да өз қызметтері үшін ақыны айыппұл төлеушіден алатын болады.