ЖАСТАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ
Бүгін Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері түсіндірмелік дәріс өткізді.
Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты А.Жаңабергенова: «Сыбайлас жемқорлық – әрбір қоғам үшін өзекті мәселе. Оған қарсы күрес – ел саясатының маңызды стратегиялық басымдылығы. Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы мұның бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың ісі екендігін түсінуі қажет», - деп атап өтті. 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі аспектілерін түсіндіріп, осындай жағдайлармен кездескендегі азаматтардің іс-әрекетіне бағдар берді. Дәріс барысында кітапшалар таратылып, бейнероликтер көрсетілді.