ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Қызылордада «Рухани келісім – бейбітшілік кепілі» тақырыбындағы облыстық шығармалар байқауы қорытындыланды.
Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған байқауға аудан және қала көлеміндегі оқушылар мен студенттер қатысты. 30-ға жуық шығарманы сараптау нәтижесімен үздіктерді орталық директоры Ж.Алдабергенов марапаттады. Студенттер арасында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің студенті М.Қалымбет І орынды иеленсе, оқушылар арасында І орынды №5 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Жұбандық Аружан алды.