«ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА МҮЛДЕМ ТӨЗБЕУШІЛІК» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жергілікті атқарушы және уәкілетті органдары өкілдерінің қатысуымен «Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» атты профилактикалық және қала аумағында құқық бұзушылықтарға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы іс-шаралар жоспарының орындалу жағдайы мен қала аумағында кең таралған заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жастармен дөңгелек үстел өткізілді.
«Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Мастеков іс-шараны ашып, қала аумағында құқықтық тәртіп пен қылмысқа қарсы күресті күшейту, қылмыстарды алдын алу шаралары жайлы айтып, жүргізіп отырды.
Шара барысында қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділбек Ерсұлтанов заң бұзушылықтарға қарсы атқарып жаткан жұмыстар және құқық бұзушылық профилактикасы, қала аумағында жер саласындағы заң бұзушылықтарға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы іс-шаралар жоспарларының орындалу барысы және оларды орындау барысында кездесіп жатқан қиыншылықтар жөнінде сөз қозғады. «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қаласы филиалының бірінші орынбасары Мақсұт Баекеев Әбдуәлиұлы мемлекеттік бағдарламалардың қала көлемінде жүзеге асуы жайлы және қаланың инфрақұрылымын дамытуға арналған бағдарламаларды сөзге тиек етті.