ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ХИРУРГТЕР ПАЦИЕНТТЕРДІҢ АҒЗАСЫНАН АЛЫНҒАН ЗАТТАРДЫ ЖИНАП ЖҮР
Қызылорда облыстық медицина орталығының хирургия бөлімінде пациенттердің тыныстау жолынан, асқазаны мен өңешінен алынған заттар сары майдай сақтаулы тұр. Бұл туралы BNews.kz хабарлады.
«Бізде әртүрлі заттар жиналған. Түйме, моншақ, жарма, шемішке, одан да «ауыр» экспонаттар – кілт, металл сынықтары, инеге дейін бар. Әрбір аурудың тарихы осылармен байланысты. Оның ішінде балалар жиі келеді», - дейді облыстың отоларингологы Ербол Бисенов.
Күн сайын орталықтың көмегіне құлағына немесе мұрнына қауіпті зат кіріп кеткен 15 шақты бала жүгінеді екен. «Шемішке тыныс алу жолына түсіп кетсе, тіпті қиын. Бұл өте қауіпті. Мұндайда біз оны алғаннан кейін пациенттің жағдайына қатты алаңдаймыз», - дейді дәрігер.
Айтуынша, тамақ жегенде тамағына байқамай сүйек кетіп қалып, асханадан ауруханаға бір-ақ жететін де жағдайлар болады. Ал енді біреулер уақытша ұстау абақтысына барғысы келмей, әдейі әйнек қалдықтарын жұтып қояды екен.