ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 16 ҚЫЛМЫСТЫҢ БЕТІ АШЫЛДЫ
Жыл басынан бері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полиция қызметкерлерінің, 21 күзет ұйымдары мен полицияның 30 қоғамдық көмекшілерінің қатыстырылуымен тиісті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 16 қылмыстың беті ашылды, деп хабарлады Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Мәселен, ағымдағы жылдың 24 қазанында сағат 02.45-те Қызылорда қаласы Қорқыт ата-Байсейітова көшелерінің қиылысында орналасқан азық-түлік дүкенінен дабыл белгісі түседі. Аталған дабыл белгісі бойынша «Жедел сақшы» орталықтандырылған бақылау торабы операторлары жедел ден қойып, оқиға орнына күзетшілер тобын жібереді. Түнгі сағат 02.50-де оқиға орнына жеткен күзетшілер жасағы азық-түлік дүкенінің терезесін сындырып, ұрлық жасап жатқан азаматты құрықтайды. Келтірілген залал мөлшері 30000 теңгені құрайды. Тергеу барысында күдікті ретінде ұсталған азамат 1995 жылы туылған Қызылорда қаласының тұрғыны екені анықталды. Қазіргі таңда, аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Айта кетерлік жайт, Күзет қызметін бақылау бөлімі қызметкерлері заңды және жеке тұлғаларды мүліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеке күзет ұйымдарымен келісімшартқа отырып, өз өмірі мен мүліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.