ЖҮРГІЗІЛГЕН ҮШ ТЕКСЕРУДІҢ НӘТИЖЕСІМЕН 15 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында облыстық прокуратура мен Кәсіпкерлер палатасы бірлесіп «Прокурор түсіндіреді» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Аталған іс-шараға төтенше жағдайлар, тұтынушылар құқықтарын қорғау, мемлекеттік кірістер, табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстық департаменттері, жер қатынастары, кәсіпкерлік және туризм мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармалары және коммуналдық қызмет көрсетуші ұйымдардың өкілдері қатысып, кәсіпкерлер арасында анонимдік сауалнама жүргізіп, толғандырып жүрген сауалдары талқыланып, Заң талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар, облыстық прокуратура органдарымен кәсіпкерлікті қорғау және қолдауға бағытталған заңнаманың қолданылуын қадағалау жұмыстары кәсіпкерлердің құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мобильдік топтардың жұмыстарын жандандыруға, өңірлік кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, аймақтағы бизнестің дамуын тежейтін әкімшілік кедергілерді анықтауға бағытталып, бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылды.
Нақтыласақ, кәсіпкерлікті қорғауға байланысты 3 тексеру жүргізіліп, анықталған 258 заң бұзушылықтар бойынша 1 наразылық, 14 ұсыныс енгізіліп, қаралу қорытындысымен 15 кәсіпкерлердің құқықтары қорғалып, 27 тұлға тәртіптік және 2 тұлға әкімшілік жауаптылықтарға тартылды.
Мысалға, ағымдағы жылдың қыркүйек айында жүргізілген тексеріспен мемлекеттік кірістер органдары тарапынан жалпы 214 829 034 теңгеге («Саутс Ойл» ЖШС 187 833 264 теңге, «Орталық қырғы базар» ЖШС 21 857 196 теңге, «Казсевавтодор» ЖШС 5 138 574 теңге) қарыз соммаларын өтеу туралы хабарламалар кәсіпкерлік субъектілеріне негізсіз берілгені анықталып, прокурорлық қадағалаумен олардың кері қайтарылуы қамтамасыз етілді.
Осындай заңсыздықтардың алдын алу мақсатында облыстық прокуратурамен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен заңсыз тексеру деректерінің жолын кесу және шара қолдану бағытында оңтайлы топ құрылған.
Оңтайлы топтың басты мақсаты кәсіпкерлер тарапынан уәкілетті органдардың заңсыз әрекеттері туралы түскен хабарламалары негізінде дереу тексеру жүргізіп, тиісті шаралар қабылдап, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау болып табылады.
Қазіргі уақытта, заңдылықты бұзушылықтар деректері туралы облыстық прокуратураның 8 (7242) 27-87-48, 26-20-06 сенім телефонына қоңырау шалумен бірге хабарламаларды «Whats App» мобильді қосымшасы арқылы 8-705-824-66-66 телефонына жолдауға болады.