1 700 АДАМ ҚЫЗЫЛОРДА КӨШЕЛЕРІН ЖАЯУ ЖҮРІП ӨТТІ
Оқушылар, медицина саласының қызметкерлері, «Арылу» қоғамдық қорының мүшелері – барлығы 1 700 адам Қызылорданың орталық алаңынан А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйіне дейін жаяу жүріп өтті.
Есірткіден азат қоғам қалыптастыру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен республикалық «Өз өміріңді көркемде!» акциясы шеңберіндегі шараны Қызылорда облыстық ІІД-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы ұйымдастырды. Акцияға қатысушылар бірліктің, ынтымақтастық символы – жалау ұстап шығып, есірткіден азат қоғамды қалайтындықтарын білдіріп, халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, акция мәдениет үйінде мерекелік жиынмен қорытындыланды. Есірткімен күрес бағытында жемісті жұмыс атқарған жасөспірімдер, жастар, қоғамның белсенді мүшелері марапатталды. Концерттік бағдарлама, театрландырылған қойылым, ән мен би көрермен назарына ұсынылды. Жас өнерпаздар өнер көрсетті.