«ЖАСТАР ТАҢДАУЫ-ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ»
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығы А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Жастар таңдауы-жемқорлықсыз болашақ» атты жастар акциясын ұйымдастырды.
Акцияға облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен облыстық ішкі саясат басқармасының қызметкерлері қатысты.
Акцияның басты мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарас қалыптастыру болып табылады.
Акция барысында шараға белсене қатысқан және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы лозунгілер әзірлеген оқу орындары марапатталды.