КЕНТ ЖӘНЕ АУЫЛ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қызылорда қалалық ішік саясат бөлімі, «Жастар ресурстық» орталығы КММ және «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігі, 19–29 қазан аралығында Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай, «Мәңгілік ел» атты жастар керуенін өткізді. Қызылорда қаласына қарасты кенттер мен ауылдық округтердегі жастар арасында ұйымдастырылған керуен мемлектеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде және «Көшбасшы және оған тән қабілеттер» тақырыбында болды. Ауылдық округтер мен кенттердің 10-11 сынып негізінде білім алушы мектеп оқушылары қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға жастарға арнайы мемлекеттік бағдарламалар жайында толықтай түсіндірілді. Сонымен қатар көшбасшылық, белсенділік бағыттарында дәрістер жүргізіліп, жастар арасына брейн-ринг интелектуалды сайысы ұйымдастырылды. Сайыс барысында Қазақ хандығы, жастар саясаты төңірегінде сұрақтар қойылып, пікірлерін алмасты. Оқушылар арасында кіші футболдан сайыс өткіліп, шара соңында жеңімпаздар алғысхат пен марапатталды.