ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД-ДЕ МЕНШІК ИЕЛЕРІ МЕН ЖЕКЕ КҮЗЕТ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда ОІІД үлкен мәжіліс залында Күзет қызметін бақылау бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Облыс аумағында адамдар көп жиналатын объектілердің меншік иелері мен басшылары арасында олардың терроризмге қарсы қорғалу жай-күйіне қойылған талаптарға сәйкес келтіру қажеттілігі және оларды күзетуге белгіленген тәртіпте мемлекеттік лицензия алған жеке күзет ұйымдарымен келісімшарт жасасу мүмкіндігі туралы ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізу» тақырыбында жиын болып өтті. Аталмыш жиынға Қызылорда облысы Кәсіпкерлік палатасының директоры, Қызылорда облысы Ұлттық қауіпсіздік камитеті Қызылорда қаласы бойынша департамент қызметкері, Қызылорда облысы әкім аппаратының жауапты қызметкері, Ішкі істер департаменті басшылығы, тиісті басқарма бастықтары және жеке құрам қатысты. Сонымен қатар, жұмыс кездесуге облыс аумағындағы адамдар көп жиналатын объектілердің меншік иелері, басшылары және жеке күзет ұйымдарының өкілдері, білім беру орындарының басшылары шақырылды.
Жиынды Қызылорда облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Ә.Шаймағамбетов ашып, шараға қатысушы қонақтармен, күн тәртібінде тұрған мәселелермен таныстырып өтті.
Бұдан кейін сөз тізгінін Экстремизмге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Т.Тышқанбаев алып, «Террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша қабылданып жатырған шаралар» бағытында атқарылып жатырған жұмыстардың барысымен және алда тұрған міндеттермен таныстырып өтті.
Күн тәртібінде тұрған екінші мәселе төңірігінде ОІІД Күзет қызметін бақылау бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі С.Жүсіпованың баяндамасы тыңдалды. Ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік лицензия алған жеке күзет ұйымдарымен келісімшарт жасасу мүмкіндігі туралы ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізу мәселесін көтеріп, жеке объектілердің меншік иелеріне ұсыныс-пікірлер білдірді.
Сондай-ақ, жиын барысында «Бөтен мүлкін ұрлауға қарсы тиісті іс-қимыл жасау» мәселесі де назардан тыс қалмады. Аталған тақырыпта ОІІД КПБ бастығы полиция полковнигі Ғ.Төлебаев баяндама оқыды. Ол өз сөзінде полиция қызметкерлері облыс көлеміндегі оперативтік ахуалға тоқталып, соңғы уақытта қарақшылық, тонау және бөтен мүлік ұрлығының орын алуы нысандардың техникалық бекіністерінің осалдығынан, яғни қазіргі жаңа заманауи қауіпсіздік қондырғылармен, бейнебақылаумен толық жабдықталмағандығын сөз етті.
Күн тәртібінде тұрған мәселелер жан-жақты қаралып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Жиынға қатысушы қонақтар полиция қызметкерлеріне өз тәжірибелерінде келеңсіздік тудыратын кейбір жайттарға қатысты ақыл-кеңестер сұрап, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.
Сонымен қатар, ОІІД Күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлері кездесуге қатысушыларға мекеме ғимараттарының техникалық бекіністерін күшейтуге, бейнекамералар орнатуға, күзет дабыл қондырғыларын қондыруға және оларды күзетуге белгіленген тәртіпте күзет ұйымдарымен келісімшарт жасасу мүмкіндігі туралы ақпарат берді. Бұдан бөлек, күзет қауіпсіздік қондырғыларының артықшылығы, соңғы үлгідегі шыққан техникалық қондырғылар жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі