СОТ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРАПТАРЫН УАҚЫТЫЛЫ АҚПАРАТТАНДЫРУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - САПАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ КЕПІЛІ
Жақында, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйымдастыруымен «Сот құжаттарын уақытылы жолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы А.Дәуренбеков, осы соттың судьялары Р.Шамшиев, Ғ.Бекмамбетов, М.Сәрсенов, А.Әбілқайысқызы, С.Умарсерикова, Н.Еламанов, кеңсе меңгерушісі А.Әбілқасымқызы, бас маман-сот мәжілісі хатшылары, Қызылорда облыстық Әділет департаментінің бақылау және құжатты қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ғ.Сариева, Қызылорда облыстық Әділет департаментінің инспекторы А.Истілеуова, Қызылорда облыстық Әділет департаментінің іс жүргізу инспекторы Г.Қыпшақбаев, «Қазпочта» АҚ-ның Қызылорда облысы филиалының басшысының орынбасары Л.Қуандық және технологияларды дамыту бөлімінің жетекші маманы С.Молдраимова қатысты.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы А.Дәуренбеков дөңгелек үстелді ашып, сот құжаттарын уақытылы жолдау азаматтық істерді қараудағы маңызды жұмыстарының бірі екенін айтып өтіп, «Сот құжаттын жолдау» тақырыбында баяндама жасауға сөз кезегін бас маман-сот мәжілісі хатшысы А.Сырымбетоваға берді. А.Сырымбетова өз кезегінде сот өндірісінің тараптарын сот отырысының болатын уақыты мен күнін уақытылы хабардар етуді қамтамасыз ету, сотқа шақыруларды электронды түрде және хаттарды поштамен уақытылы жолдаудың маңыздылығын түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, судьялар пошта жөнелтілімдері арқылы жіберілген хаттардың тараптарға уақытылы табысталмауының салдарынан істердің кейінге қалдырылып, ал кейде сот актілерінің бұзылып жататындарын айтып өтті.
Іс-шара барысында құжаттарды «Төрелік» бағдарламасымен және пошта арқылы жолдауының өзекті мәселелері, БЭҚАЖ бағдарламасын қолданылуы, қағаздар айналымын азайтып электрондық құжат айналымын барынша жандандыру жөнінде талқылап, сот құжаттарын сот өндірісі тараптарына тиісті түрде табыстау туралы пікірлер айтылды.
Қызылорда облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының
баспасөз қызметі