ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕСІМЕН 258 ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ
2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңмен «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңына (бұдан әрі –Заң) кәсіпкерлік субъектілерін тексерудің негіздері мен түрлеріне қатысты елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен Заңға сәйкес мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесі бекітіліп, уәкілетті органдар тарапынан бақылау-қадағалау жұмыстары белсенді жүргізілуде, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Осыған байланысты, бүгін облыстық прокуратура мен кәсіпкерлер палатасы бірлесіп аймақтағы кәсіпкерлік субъектілерінің негізсіз тексерілуіне жол бермеу және оларға мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, коммуналдық қызметті пайдалану мен жер учаскелерін табыстауда кездесетін кедергілерді алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы және уәкілетті органдары қызметкерлерінің қатысуымен «Прокурор түсіндіреді» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға төтенше жағдайлар, тұтынушылар құқықтарын қорғау, мемлекеттік кірістер, табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстық департаменттері, жер қатынастар, кәсіпкерлік және туризм мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармалары және коммуналдыө қызмет көрсетуші ұйымдардың өкілдері қатысып, кәсіпкерлер арасында анонимдік сауалнама жүргізіліп, толғандырып жүрген сауалдары талқыланып, Заң талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар, облыстық прокуратура органдарымен кәсіпкерлікті қорғау және қолдауға бағытталған заңнаманың қолданылуын қадағалау жұмыстары кәсіпкерлердің құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мобильдік топтардың жұмыстарын жандандыруға, өңірлік кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, аймақтағы бизнестің дамуын тежейтін әкімшілік кедергілерді анықтауға бағытталып, бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылды.
Нақтыласақ, кәсіпкерлікті қорғауға байланысты 3 тексеру жүргізіліп, анықталған 258 заң бұзушылықтар бойынша 1 наразылық, 14 ұсыныс енгізіліп, қаралу қорытындысымен 15 кәсіпкерлердің құқықтары қорғалып, 27 тұлға тәртіптік және 2 тұлға әкімшілік жауаптылықтарға тартылды.
Мысалға, ағымдағы жылдың қыркүйек айында жүргізілген тексеріспен мемлекеттік кірістер органдары тарапынан жалпы 214 829 034 теңгеге («Саутс Ойл» ЖШС 187 833 264 теңге, «Орталық қырғы базар» ЖШС 21 857 196 теңге, «Казсевавтодор» ЖШС 5 138 574 теңге) қарыз соммаларын өтеу туралы хабарламалар кәсіпкерлік субъектілеріне негізсіз берілгені анықталып, прокурорлық қадағалаумен олардың кері қайтарылуы қамтамасыз етілді.
Сол сияқты, денсаулық сақтау басқармасының қызметінде жүргізілген бір ғана тексеріспен, 60 млн. теңгеден астам конкурстық өтінім соммасы 12 өтінім берушілерге кері қайтарылмай, салдарынан ұзақ мерзім бойы (6-дан 9 айға дейін аралықта) кәсіпкерлердің материалдық жағдайына нұқсан келгені анықталған.
Сондай-ақ, облыстық прокуратурамен «Қайсар футбол клубы» ЖШС-нің әкімшілік полиция басқармасының заңсыз әрекеттері туралы өтініші негізінде кәсіпкердің конституциялық құқығының қорғалуына қол жеткізілді.
Атап айтқанда, сот актілері негізінде атқарушылық іс жүргізу борышкер «Қайсар футбол клубы» қоғамдық бірлестігіне қатысты қозғалғанына қарамастан Басқарма тарапынан мемлекеттік сот орындаушысының 29.05.2013 және 24.02.2014 жылғы мүлікке тыйым салу туралы қаулыларымен басқа заңды тұлғаға, нақтыласақ «Қайсар футбол клубы» ЖШС-нің мемлекеттік белгісі N007BU «Daewoo» маркалы автобусына негізсіз тыйым салынғаны анықталған.
Оның салдарынан, «Қайсар футбол клубы» ЖШС-і меншігіндегі жасөспірімдерді тасымалдауға арналған автокөлігін өз қалауынша билік ету және еркін пайдалану құқығынан шектеліп, жыл көлемінде автокөлік шектеуден босатылмай, кәсіпкер әуре-сарсаңға түскен.
Өз кезегінде, кәсіпкердің құқығына нұқсан келтірілгені тек облыстық прокуратураның араласуымен (бұған дейін ОІІД-нің басшылығына бірнеше рет арызданғанына қарамастан) анықталып, заңдылықты бұзушылықтар жойылып, кәсіпкердің конституциялық құқығы қалпына келтірілді.
Осындай заңсыздықтарды алдын алу мақсатында облыстық прокуратурамен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен заңсыз тексеру деректерін жолын кесу және шара қолдану бағытында оңтайлы топ құрылған.
Оңтайлы топтың басты мақсаты кәсіпкерлер тарапынан уәкілетті органдардың заңсыз әрекеттері туралы түскен хабарламалары негізінде дереу тексеру жүргізіп, тиісті шаралар қабылдап, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау болып табылады.
Қазіргі уақытта, заңдылықты бұзушылықтар деректері туралы облыстық прокуратураның 8 (7242) 27-87-48, 26-20-06 сенім телефонына қоңырау шалумен бірге хабарламаларды «Whats App» мобильді қосымшасы арқылы 8-705-824-66-66 телефонына жолдауға болады.