ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2015 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанындағы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Оның бірі Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Н.Өмірсерікұлының баяндауымен Сырдария аудандық әкімдігі және оған қарасты мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы. Екіншісі Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғ.Орақбаевтың Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 2015 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндамасы оқылды.
Өткізілген Қоғамдық кеңестің нәтижесімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер заңнамасын сақтау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту бойынша нақты ұсыныстар берілді.