ҚЫЗЫЛОРДАДА ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ «ӨЗ ӨМІРІҢДІ КӨРКЕМДЕ!» АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ
Есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек алуын болдырмау мақсатында республика көлемінде «Өз өміріңді көркемде!» акциясы өтуде.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған акция шеңберінде 30 қазанда сағат 15.00-16.00 аралығында Қызылорда қаласының орталық алаңынан бастап, қала көшелерін аралай отырып, автокөліктер шеруі жүріп өтті.
Шара одан кейін 31 қазанда жалғасын тауып, сағат 15.00-16.00 аралығында Қызылорда қаласының орталық алаңынан бастау алып, А.Тоқмағанбетов атындағы Мәдениет үйіне дейін (Желтоқсан, одан кейін А.Тоқмағанбетов көшелерімен жүре отырып) жаяу шеру жүріп өтеді. Шеруге қаладағы барлық орта, арнаулы орта, жоғары оқу орындарының білім алушылары, медицина саласының қызметкерлері қатыстырылады. Акцияға қатысушылар бірліктің, ынтымақтастық символы жалау ұстап шығып, есірткіден азат қоғамды қалайтындықтарын білдіріп, халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Акция 31 қазанда А.Тоқмағанбетов атындағы Мәдениет үйінде мерекелік жиынмен қорытындыланатын болады. Мерекелік шараға есірткімен күрес бағытында жемісті жұмыстар атқарып келген жасөспірімдер, жастар, қоғамның белсенді мүшелері қатысып, марапатталатын болады.