ЕҢ ҮЗДІК БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАРДЫ АНЫҚТАУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
«Нұр Отан» партиясы биылғы жылды «Бастауыш партия ұйымдарының жылы» - деп белгілеп, республика бойынша «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауын өткізуді жоспарлаған болатын. Осы жоспарға сәйкес бүгін байқаудың аймақтық іріктеу кезеңі облыстық партия филиалында өтті.
Айта кетеу керек бұған дейін үздік бастауыш ұйымды анықтау барлық аудандық партия филиалдарында ұйымдастырылды. Бүгінгі аймақтық екінші кезеңге аудандық іріктеуден өткен 3 санат бойынша 25 бастауыш партия ұйымдары қатысты. Яғни, 100-ге дейінгі партия мүшелері бар ұйымдар, 2-ші санатта 100-500-ге дейінгі және үшіншісі партия мүшелерінің саны 500 ден асатын бастауыш ұйымдар.
Байқау ережесіне сай бастауыш ұйымдар партиялық жобаларды жүзеге асыру, ішкі партиялық жұмыстары, жаңа әдістерді пайдалануы, жастармен жұмысы,қызметтердің БАҚ-та жариялануы сынды 7 бағыт бойынша іріктеліп сыналды. Сонымен бірге ұйым төрағалары сынақ тапсырып, барлығы да толық өтті. Олардың жұмыстарын арнайы жасақталған комиссия саралады.
Байқау қорытындысына сəйкесI санат бойынша Қалалық партия филиалына қарасты «Халық», II санат бойынша «Теміржол» партия филиалына қарасты «Жолаушылар вагондарын жөндеу-1» және III санат бойынша Қармақшы аудандық партия филиалына қарасты «Райполиклиника» бастауыш партия ұйымдары 1-орындарды иеленіп, үшінші республикалық кезеңге жолдама алса, қалған жеңімпаздар да арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.