ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ
2015 жылдың 29 қазан күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот шығындары бойынша атқару құжаттарының орындалуы» тақырыбы бойынша дөнгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға осы соттың судьясы мен сот қызметкерлері, Қызылорда облыстық прокурорының көмекшісі А.Кемалов, Қызылорда облысы бойынша Әділет Департаментінің өкілі К.Акимбаев және ЗК-169/5 мемлекеттік мекемесінің өкілі Б.Дарменбаева қатысты.
Дөнгелек үстел жұмысын судья А.Сабыров ашып, атқару құжаттарының орындалуы жөнінде мәліметтер айтып, сөз кезегін баяндамашы бас маман А.Қаршығаға берді.
Баяндамашы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (04.07.2014 ж.) 472-бабына сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімі мен қаулысы мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың бәріне бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бұлжытпай орындалуға жататындығын, сот үкiмiн, қаулысын орындамау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатындығын, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңының» (02.04.2010 ж.) 7-бабының 1-бөлігіне сәйкес, атқарушылық құжаттарды орындау сот орындаушыларына жүктелетіндігін, сот үкімдері бойынша сот шығындары бойынша атқару құжаттарының орындалуы жөнінде жан-жақты айтып өтті. Сонымен қатар, статистикалық мәліметтерге сәйкес, соңғы 5 жылда қаралған қылмыстық істер бойынша атқару құжаттарының орындауға жолданып, орындалғаны және орындалмай тұрған атқару құжаттары бойынша статистикалық мәліметтерді атап өтті.
Іс шараға қатысушылар тақырып бойынша мәселелерді қызу талқылап, өздерінің ұсыныс-пікірлерін, ойларын айтып, сұрақтар қойылып, жауаптар айтылды.
Дөңгелек үстелде пікірлесуді судья А.Сабыров қорытындылып, бірлесіп жұмыс жасауды шақырды.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі