ҚЫЗЫЛОРДАДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІЛІМ МЕН АҒАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2015 жылғы 28 қазанында И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық колледжінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және Қызылорда облыстық білім басқармасымен бірлескен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатындағы ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференцияға Департамент басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразали, Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Б.Байхожаев және бөлім басшысы А.Батырбаев, Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаев, сондай-ақ Қызылорда облысының жоғарғы және арнаулы оқу орындарының директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Департамент басшысының орынбасары - Тәртіптік кеңес төрағасы Марат Оразали ведомствомен жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбиенің негізгі бағыттарын және аталған бағыттағы шараларды бірлескен - ашық түрде атқарылса, жасап жатқан жұмыс одан әрі тиімдірек боларын атап өтті.
Шара барысында Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөілімінің басшысы Абай Батырбаев өз баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру сұрақтары барлық деңгейдегі білім мекемелерінің оқу процессіне, пәндерге қосылғандығы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытатын курстармен барлық оқу орындарын, мемлекеттік органдар мен тұтастай алғанда барлық азаматтық қоғамды қамту қажеттілігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында да айтылып өткендігін әңгімеледі.
Конференция аясында білімнің барлық деңгейлері бойынша (балалар бақшасынан жоғарғы оқу орындарына дейінгі) білім беру бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарды енгізуге, түрлі топтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша оқытуға, осы бағыттағы атқарылатын жұмыстар және ЖОО-да сессия, емтихан өткізу кезінде ашықтық орнатуға қатысты пікір алмасты.
Онда елдегі оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиені жемқорлыққа төзбеушілікке шақыратын дебаттық, пікірталас клубтарын, патриоттық форумдар мен басқа акциялар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырудың маңыздығы ерекше аталды.
Конференция нәтижесінде жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді.