МҰҚТАЖ АНАҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсетіп, оларды белсенді тірлікке тартып, жұмыспен қамтуды басты назарда ұстап келеді.
Қазақ халқы қиындыққа шалдыққан адамдарға қашаннан аянбай барынша мұқтаж адамдарға көмек беруге тырысады. Ешкім де ондай жағдайды сұрамайды, не болмаса тілемейді.
Арамызда мүмкіндігі жоқ болғанымен, өмірден үміті көп жандар аз емес. Оларға республикамыздың өңірлеріндегі соттарда көмек көрсету, қолдау білдіру жиі жүзеге асырылып келеді. Әлеуметтік желілерде және соттардың ресми сайттарында ол жөнінде ақпараттар жиі жарық көруде.
Жуырда әлеуметтік желілерде Қызылорда қаласының тұрғыны Диана Смагулова деген азаматшаның ауыр науқасқа шалдығып, жүру қабілетінен айырылғаны және жалғыз өзі мектеп жасындағы қыз баласын тәрбиелеп, бөтен адамдардың саяжайында, мұздай, жылуы жоқ үйді жалдап тұрып жатқандығы және қызының оқу құралдарын алуға қаражаты жоқ екендігі туралы ақпарат жарияланған болатын.
Осы ақпараттан хабардар болған Қызылорда облысы соттарының ұжымы 1 күндік жалақысын Дияна Смагуловаға көмек ретінде береміз деген шешім қабылдады.
Судьялар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы және Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы А.Дәуренбеков, қалалық сот судьясы Г.Мырзатаева, облыстық соттың кеңсе басшысы А.Жұмамұратов мүмкіндігі шектеулі Дияна Смагулованың үйіне арнайы барып, жиналған қаржыны табыстап, сауығып кетуіңе тілектестігін білдіріп, алдағы уақытта осындай көмек жалғасын табатынын жеткізді.
Өз кезегінде Дияна Смагулова: «Назарларларыңыздан тыс қалдырмай көмек қолын созған сот ұжымына жүрекжарды алғысымды білдіремін, алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін» - деп тілек білдірді.