«ЖАСТАР ІШІМДІККЕ ҚАРСЫМЫЗ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
"Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі және "Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы" мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақ гуманитарлық - техникалық колледжі ғимаратында "Жастар ішімдікке қарсымыз" атты жастар арасында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу болып өтті.
Кездесу барысында ішімдіктің зиянды жақтары мен адамзат баласына келтірер қасіреттері сөз болды. Шараға арнайы облыстық наркология орталығы мекемесі маманы Нұрсұлу Жалғасбаева, облыстық "жастар денсаулық орталығы" мекемесінің психолог маманы Айгерім Бұхаева, "Арылу" қоғамдық қорының директоры Владимир Юн, "Шапағат" жастар денсаулық орталығы дәрігері Ақмарал Мұхитқызы, ардагерлер үйінінен Тобаш Ембергенұлы және "Ыбырайым молда" мешітінің бас имамы Асқар ұстаз қатысты. Шара барысында ақпарат мағлұматтармен қатар қатысушы жастарға арнайы үнпарақтар таратылып, бейнебаяндар көрсетіліп, сергіту және өз-өздеріне деген сенімділікті арттыру бағытында семинар-тренингтер ұйымдастырылды.