ҚҰТҚАРУШЫЛАР АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТКЕ АЛҒЫС АЙТТЫ
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, журналистика саласының ардагері Қажы Қорғанұлымен кездесу жиыны өтті, деп хабарлайды департаменттің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобынан.
Қажы Қорғанұлы 30 жыл бойы телеарнада ішкі істер органдарының қызметін кеңінен жариялап, «Эфирде-01», «Эфирде-02», «ГАИ экраны» сияқты теледидарлық бағдарламалардың жүргізушісі болды. Сонымен қатар, ішкі істер органдарының ауыр да, жауапты жұмысы тақырыбында қалам сермеп, «Қазақстан жол полициясы», «Өрт шарпығын шежіре», «Генерал Е.Демесінов» сынды кітаптардың авторы атанған.
Кездесуге ТЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ботабаев, ТЖД ардагері Ә.Жаңабаев, Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Р.Қайрақбаев, департамент қызметкерлері, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалының қызметкерлері, жеке құрам қатысты.
Шара барысында Қ.Қорғанұлы сөз алып, жиналған көпшілікті өзінің төл туындыларымен және шығармашылығымен таныстырды.
Жиын соңында ардагер журналистке естелік сыйлық табыс етілді.
Өз кезегінде департамент басшылығы елім деп еміренген арда азаматқа мықты денсаулық, толайым табыс, шығармашылық жолында жетістіктер тіледі.