«НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ» ШАРАСЫ БАРЫСЫНДА 1901 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Республика көлемінде 2015 жылдың 20-29 қазан аралығында өткізіліп жатырған «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында, автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермеу деректерінің алдын алу, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыру мақсатында әкімшілік полиция басқармасының жол патрульдік полиция рота инспекторларының қатысуымен рейдтік шара ұйымдастырылды. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
6 күндік рейд барысында жалпы 1901 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалану дерегі бойынша – 413, ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы көлік құралдары жүргізушілерінің белгіленген жүру жылдамдығын арттыру дерегі бойынша – 236, ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы қауiпсiздiк белдiктерiмен жабдықталған көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк белдіктерiн тақпау дерегі бойынша – 507, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқару дерегі бойынша – 125, ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегі бойынша – 64 құқық бұзушылықтар анықталған. Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 600-бабы бойынша жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу қағидаларын бұзудың облыс көлемінде 30 дерегі анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Айта кету керек, жүргізуші мен жаяу жүргіншілер арасында өзара түсіністік болу керек. Жол қозғалысына қатысушылардың барлығы жолда жүру мәдениетін сақтап, өз өмірі мен қауіпсіздігі өз қолында екендігін ұмытпағандары абзал.