ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Аудандық сот төрағасы Н.О.Қосанов және судья Б.Елшібеков 22 қазан 2015 жылы аудан орталығындағы №125 орта мектебінде болып, «Мүлдем төзбеушілік» бағдарламасы аясында және кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында 10-11 сынып оқушыларымен кездесті.
Сот төрағасы Н.О.Қосанов мектеп оқушыларымен кездесу барысында кәмелетке толмағандарға қатысты бірқатар заң талаптарына сәйкес түсіндірмелер беріп, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақыттарда ойын-сауық мекемелеріне немесе тұрғын жайдан тыс жерде жүрмеуі керектігі туралы атап өтті.
Судья Б.Е.Елшібеков «Мүлдем төзбеушілік» бағдарламасы аясында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, заң талабын сақтау жайлы түсіндірме берді.
Сонымен қатар, шарада кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жауапкершіліктері оның ішінде алкогольді ішімдік ішіп, көлік басқаруға құқы болмаса да көлік басқару, жол жүру қағидаларын бұзу (бағдаршамдарға қарамаулары) жайлы жиі әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасы болып тұратынын айтып, қолданыстағы заң талаптарына түсіндірме беріп, олардың бір қатар сұрақтарына жауап берді.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі