ЖАҢА МЕХАНИЗМ – «СОТ ОРГАНЫНА ХАТТЫ ЖІБЕРУ»
Қазақстан Республикасының "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңына сәйкес Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен тиісті мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары арасындағы электрондық құжат алмасуға арналған электрондық құжат айналымы жүйесі.
Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесін (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) енгізу мемлекеттік органдар арасында ақпаратпен жедел алмасу және мемлекеттік бюджеттен қағаз сатып алуға, пошталық және курьерлік қызметтерге шығындарды қысқарту үшін арналған.
Әрбір өкілетті мемлекеттік орган МО ЭҚАБЖ қатысушыларына қосу бойынша сұранымды өзі беруге міндетті.
МО ЭҚАБЖ қатысушыларына қосу бойынша өкілетті органдар - ол Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.
Алайда, квази-мемлекеттік органдар Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі қатысушыларының құрамына кірмейді.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті квази-мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес ұйымдармен элеткрондық құжат айналымын іске асыру үшін арналған "Сот кабинеті" сервисі арқылы "Сот органына хатты жіберу" жаңа механизмін іске асырды.
Осы функционалда "Сот кабинеті" сервисінің бланкі, баркод түріндегі электрондық-цифрлық қолтаңба бар, бұл сот органына жолданатын электрондық құжаттың легитимділігін білдіреді.
"Сот органына хатты жіберу" функционалымен жұмыс істеу үшін сыртқы интернет ресурсы, ұлттық куәландырушы орталықтың заңды тұлғаларға арналған электрондық-цифрлық қолтаңбасы болуы қажет.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі