ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕР ЖУРНАЛИСПЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, журналистика саласының ардагері Қажы Қорғанұлымен кездесу жиыны ұйымдастырылды, деп хабарлады ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған жиынға ОІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Пейсов, Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Желілік ішкі істер бөлімі, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастықтары, Ішкі істер департаменті басшылығы, сала ардагерлері, жеке құрам қатысты. Өзінің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында кездесуге келген Қажы Қорғанұлы 30 жыл бойы телеарнада ішкі істер органдарының қызметін кеңінен жариялап, «Эфирде-02», «ГАИ экраны» сияқты теледидарлық бағдарламалардың жүргізушісі болды. Сонымен қатар, ішкі істер органдарының ауыр да, жауапты жұмысы тақырыбында қалам сермеп, «Қазақстан жол полициясы», «Өрт шарпығын шежіре», «Генерал Е.Демесінов» сынды кітаптардың авторы атанған. Аталмыш шараның басты мақсаты – қаламгердің шығармашылық жолымен танысу, халық алдындағы полиция имиджін көтеру бағытында ой алысу, пікірлесу болып табылады.
Шара барысында Қ.Қорғанұлы сөз алып, жиналған көпшілікті өзінің төл туындыларымен таныстырып, болашақта жарыққа шығатын «Қазақстан» деректі фильмінің идеясын, мақсатын қысқаша түсіндіріп өтті.
Жиын соңында ардагер журналистің иығына қазақы дәстүрмен зерделі шапан жауып, Ішкі істер департаментінің естелік кітабы табыс етілді. Сөз алған департамент басшылығы елім деп еміренген арда азаматқа толайым табыс, шығармашылық жолында жетістіктер тіледі.