ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ ЖАНАРМАЙДЫ ҮНЕМДЕУГЕ КЕҢЕС БЕРЕДІ
ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник елдегі жанар-жағармай тапшылығына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз бұл жағдайдан шығуға тырысуымыз қажет. Үнемдеу керек, бүкіл әлем үнемдейді. Мен де соған шақырамын. Егер мүмкіндік болса, жұмысқа еңгезердей джиппен бармау керек. Жұмысқа бір подъезде тұратын адамдардың машинасына отырып баруға болады. Сондықтан мен де сіздерден соны сұрар едім, Германиядан жақсы білемін, қиын кезең болғанда, бүкіл әлем бойынша баға көтерілгенде олар бір машинаға отырады немесе қоғамдық көлікпен жүреді. Үнемшіл болайық. Машинаға аз отыру керек, бұл, әсіресе шенеуніктер мен жалғыз өзі бір джиппен жүретін адамдарға қатысты", - деді министр Парламент сессиясы сыртындағы әңгіме барысында.
Школьник елдегі жанар-жағармай тапшылығы туралы да түсінік берді. "Тапшылық бар, ол біздің зауыттарымызда қалпына келтіру жұмыстарының жүріп жатқанына байланысты. АИ-92 жанармайы бойынша тұтыну мен өндіру арасындағы тапшылық - 140-150 мың тонна. Біз бұл бензинді үнемі Ресейден әкелдік, бірақ сіздер білесіздер, қыстан бері Үкімет бағаны тұрақтандырып келді, бұл уақытта Ресейде баға көтерілді. Қазір Ресейде 92-жанармай 160-170 теңге. Бізде бұл баға күні кешеге дейін 115 теңге болып келді, қазір - 128 теңге. Сол себепті жанармайды әкелушілерге ана жақтан жанармай сатып алып, біз бағаны реттеп отырған жерге әкеліп сату тиімсіз, нарық ортақ", - деді ол журналистерге.
Министр Үкімет Ресейден жанармай тасымалдау үшін барлық шараны қолға алып жатқанын айтты. "Жанармай сатып алынады, баға айырмасы мемлекет пен "ҚазМұнайГаз" есебінен төленеді. Біз бұл жұмысты істеп отырмыз. Бұл жағдай қыс маусымы аяқталған кезде реттеледі, бұл жерде дизель отыны да бар. Сіздер білесіздер, біз ауыл шаруашылығына дизель отынын төмендетілген бағамен әкелеміз, құдайға шүкір, бұл жөнінен бәрі қалыпты, бәрі бар", - деді Школьник.
Еске сала кетейік, 21 тамыз күні "ҚазМұнайГаз" АҚ топ-менеджерлері Астанада өткен брифингте жанармай бағасын 10-15%-ға арттыру керектігін мәлімдеген еді. Мәлімдемеден соң Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мұнай өнімдерінің шектік бағасын бекіту туралы бұйрыққа қол қойды. Сөйтіп, АИ-92/93 жанармайларының бағасы литріне 128 теңге болып жоғарылады. Сарапшылар елімізде жанармай бағасының тағы да шарықтауы мүмкін екенін болжады. Өйткені Қазақстан сырттан тасымалданатын жанармайға тәуелді.