ҚАЗАҚСТАНДА 10 ЖЫЛДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ САНЫ 20 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ
2010 жылдан бастап Қазақстанда туу көрсеткіші 9,5 пайызға өсті, 2006 жылдан бастап көпбалалы отбасылардың көбеюі 20 пайызға өскен. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық аналар кеңесінің II отырысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әлеуметтік қызмет департаменті директоры Ажар Тілеуғалиева осындай мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды BNews.kz.
«ҚР-да соңғы бес жылда туу көрсеткіші оңтайлы болып отыр. 2010 жылдан бастап туу көрсеткіші 9,5 пайызға өсті. Өткен жылы өмірге 401 мың сәби келді», - деді ол.
Оның айтуынша, 2006 жылдан бастап көпбалалы отбасылардың саны 20 пайызға артқан. Сондай-ақ, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған көпбалалы аналар саны екі есеге өсті.