СЫР ЕЛІНІҢ ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРЫ ҰЛТТЫҚ ДЕЛЬФИЙЛІК ОЙЫНДАРЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Үстіміздегі жылдың 20-24 қазаны аралығында Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Астана қаласында өткен республикалық ХІ Ұлттық дельфийлік ойындарына Қызылорда облысынан 25 шығармашыл жастар үш бірдей жүлдені иемденіп келді. Бүгін жеңімпаздар «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында БАҚ өкілдерімен кездесіп, әсерлерімен бөлісті.
Биыл «Тарих толқынында!» ұранымен дарынды да, талантты жастарына қолдау көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған өнер бәйгесінде талантын көпке таныта білген қызылордалық жас әнші-бишілер биіктен көрінді.
Атап айтсақ, халықтық би номинациясы бойынша Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің «Сыр сұлуы» би ансамблі қола, халықтық ән салу кіші топ номинациясы бойынша шиелілік 8 сынып оқушысы Бекзатхан Абдумажитов күміс жүлдеге ие болды. Прима-домбыра номинациясы бойынша Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің 3-курс студенті Кртистина Тигай да жүлделі екінші орын алып, күмістен медаль тағынды. Сонымен қатар, 6 өнерпаз «Ұлттық Дельфийлік ойындары» фестивалінің дипломанты атанды.
Осылайша, сырлы әуенмен, сырлы үнмен осы ойындарға ілесе білген Сыр елінің талантты жастары өңірдің атын шығаруға атсалысты.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА