ТӘЛІМІ МОЛ ТРЕНИНГ
Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Facebook арқылы блог жүргізу және қауымдық БАҚ” тақырыбында семинар-тренинг болып өтті. Семинар-тренингті Біріккен Ұлттар ұйымының Даму бағдарламасы мен ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросы қолдап, "Мінбер” журналистерді қолдау орталығы ұйымдастырды. Семинар-тренингке облыс кітапханашылары және ауылдық онлайн орталық кітапханалардың кітапханашылары қатысты.
Семинар-тренингтің мақсаты – қауымдық БАҚ-тарды дамыту арқылы жергілікті жұрттың үнін бұқараға естіртуді дәріптеу. Олар өз ауылын, өзі жұмыс істеп отырған мекемесін, мектебін, ауылындағы қарттарын, кәсібін осылай дәріптей алады. Сондай-ақ, ауылдағы кейбір өзекті проблемаларды да ел талқысына салу мүмкіндігі бар. Семинарға қатысушылар жаңа медиа мүмкіндіктерімен танысып, gmail поштасының ерекшеліктері және youtube мүмкіндіктерімен танысты.
Тренинг барысында ауыл кітапханашылары жаңа медиа құралдарды пайдалану арқылы әлеуметтік желілерде ақпарат тарату және алмасу тәсілдерін үйренді. Әрбір қатысушы Facebook әлеуметтік желілерінде өз парақшаларын ашып, ауылдарындағы болып жатқан жаңалықтарды сонда жариялады, қызықты ақпараттар берді. Сондай-ақ фотоға түсіру, әлеуметтік желілерге жүктеу, қажетті ақпаратпен қызықтыру және аудиториямен диалог құруды үйренді. Ең бастысы, жаңа медияның қыр-сырын үйреніп, ақпаратты таратуда әлеуметтік желілердің үлкен үлес қосатынына көз жеткізді. Кітапханашылар электрондық ортада өздерінің қызығушылықтары бойынша қауымдастықтар құрып, өзекті тақырыптарды талқылап, тәжірибе алмасты.
Қ. ДОСМАҒАНБЕТОВА,
«Кітапханашылардың Қызылорда облыстық қауымдастығы»
қоғамдық бірлестігінің төрайымы