«ҚАЗАҚСТАН – БАРШАМЫЗДЫҢ ОРТАҚ ОТАНЫМЫЗ» КӨРМЕСІ
2015 жылдың 23 қазанында Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағатында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан – баршамыздың ортақ Отанымыз» атты көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты - мұрағат қорында сақталған ұлттар достығы туралы мәлімет беретін құжаттармен таныстыру, сырға толы тарихымыздың қойнауына тереңірек үңіліп, бейбітшілік пен татулықтың маңызын дәріптеу.
Шараға Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің студенттері мен оқытушылары, мұрағат қызметкерлері қатысты.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің бас эксперті Ә.Әбдірашев, облыстық мемлекеттік мұрағатының директоры Н.Қуанышева, облыстық мұрағат бөлімінің басшысы Ж.Алтынбаева Қазақстан халқы Ассамблеясы жайында сөз қозғап, мұрағат құжаттарына шолу жасады.
Көрмеге ұлттық мәдени орталықтардың құрылуы туралы, татар ұлттық мәдени орталығының алғашқы жетекшісі, Қазақ КСР-не еңбек сіңірген ұстаз Н.Ахмадиеваның, екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильиннің, жазушы Юрий Соломатинның, балалар жазушысы Саид Баязитовтың, Кеңес Одағының Батырларының, Социалистік Еңбек Ерлерінің құжаттары және ұлттық мәдени орталықтардың атқарған жұмыстарынан мәлімет беретін, сондай-ақ, 1890 жылдан осы кезеңге дейін сақталған барлығы 55 құжат, кітап, буклеттер мен суреттер қойылды.