МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР АЛУ КЕЗІНДЕГІ МЕНІҢ ҚҰҚЫҒЫМ
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлық көріністері үшін алғышарттардың бірі шенеуніктің азаматпен тікелей байланысының болуында болып табылатындығы, ал мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу рәсімі неғұрлым оңай және ашық болса, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі де соншалықты төмен болатындығы көрсетілген.
Жыл сайын халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сондай-ақ электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер спектрі кеңеюде. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер алу үшін бұрын көпсағаттық кезектер құрылатын, қазіргі таңда бұл аз ғана уақытты алады.
Осы ретте, 2015 жылғы 23 қазанда Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы және «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалымен халықты жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндігін ақпараттандыру мақсатында «Хабардар бол - қорғалған бол» атты акция өткізілді.
Акция барысында Департамент қызметкерлері Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімі қызметкерлерін қалалық жер қатынастары бөлімінде орын алған кемшіліктермен таныстырды, сондай-ақ азаматтарға мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі олардың құқығын түсіндірді. ХҚО-ның қызметкерлері қызметтердің электрондық түрде алудың артықшылығын түсіндіріп, барлық азаматтарға консультациялық кеңес берді.
Халықты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндігін ақпараттандыру мақсатында Департаментпен «Мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі менің құқығым» атты жадынамалар әзірленіп, таратылды.
Өз кезегінде, азаматтар өткізілген акция бойынша өз оң пікірлерін білдіріп, халыққа арасында осындай іс-шаралардың өткізілу маңыздылығын атап өтті.