АЗАМАТТАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРҒАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Қызылорда облыстық прокуратурасында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бойынша брифинг өтті. Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.
Жалпы облыстық прокуратура органдарымен ағымдағы жылы қолданылған шаралар нәтижесімен 14 921 азаматтардың құқықтарының қорғалуына қол жетті.
Азаматтардың еңбек құқықтарының қорғалуына аса назар аударылып, аталған құқықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы оңды жұмыстар атқарылып, нәтижесімен 43 ұйымның 7 мыңнан астам жұмысшалары алдындағы 800,2 млн. теңге жалақы қарыздары төленген.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан жалақыдан қарыздары бар ұйымдардың саны 43-тен (7549 жұмысшыларға) 3 ұйымға (66 жұмысшыларға), жалпы қарыз сомасы 816 млн. теңгеден 15,8 млн. теңгеге төмендетілген.
Облыстық прокуратурамен «Қайсар футбол клубы» ЖШС-нің әкімшілік полиция басқармасының заңсыз әрекеттері туралы өтініші негізінде кәсіпкердің конституциялық құқығының қорғалуына қол жеткізілді.
Атап айтқанда, сот актілері негізінде атқарушылық іс жүргізу борышкер «Қайсар футбол клубы» қоғамдық бірлестігіне қатысты қозғалғанына қарамастан Басқарма тарапынан мемлекеттік сот орындаушысының 29.05.2013 және 24.02.2014 жылғы мүлікке тыйым салу туралы қаулыларымен басқа заңды тұлғаға, нақтыласақ «Қайсар футбол клубы» ЖШС-нің автокөлігіне негізсіз тыйым салынғаны анықталған.
Оның салдарынан, «Қайсар футбол клубы» ЖШС-і меншігіндегі жасөспірімдерді тасымалдауға арналған автокөлігін өз қалауынша билік ету және еркін пайдалану құқығынан шектеліп, жыл көлемінде автокөлік шектеуден босатылмай, кәсіпкер әуре-сарсаңға түскен.
Өз кезегінде, кәсіпкердің құқығына нұқсан келтірілгені тек облыстық прокуратураның араласуымен (бұған дейін ОІІД-нің басшылығына бірнеше рет арызданғанына қарамастан) анықталып, заңдылықты бұзушылықтар жойылып, кәсіпкердің конституциялық құқығы қалпына келтірілді.