ОҚУШЫЛАР «ҒАЛАМТОР ЖӘНЕ КІТАП ҒҰМЫР» ТАҚЫРЫБЫНДА ПІКІР ТАЛАСТЫРДЫ
Қызылорда қалалық жүйеге қарасты №1 кітапхананың оқу залында «Ғаламтор және кітап ғұмыр» атты №11 мектептің жоғарға сынып оқушыларының қатысуымен пікір-талас өтті.
Кітапхананың белсенді оқырмандары Толысбай Әсем, Камал Айғаным, Есентай Мұхтар, Серғазы Бекнұр өз ой-пікірлерін ортаға салды. Қорытынды сөзді сынып жетекшісі Сәуле Алибекова алып, жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы кітапхана екенін айтып, жастарды кітап оқуға шақырды.
Оқырмандардың әдеби кітапқа деген құштарлығын арттыру, кітапты сүйе білуге,бағалай білуге баулу және оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында өткен шара мазмұнды, әрі тәрбелі болды.