ЖАС ҒАЛЫМДАР БАЙҚАУЫ
2015 жылдың 21 қазанында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай №264 мектеп-лицейінде жас ғалымдар арасында «Этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі» атты ғылыми жұмыстар байқауы өткізілді. Байқауды Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» комуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.
Ғылыми жұмыстар байқауының негізгі мақсаты отандық жас ғалымдардың ғылыми-сарапшылық әлеуетін кеңейту арқылы этносаяси және этноәлеуметтік жағдайды жетілдіру болып табылады.
Байқауға облыс аудандары мен Қызылорда қаласының мектептерінен 24 оқушы қатысты. Байқаудың бірінші кезеңі 2015 жылдың 10 қазанына дейін өткізіліп, облыстық кезеңге жеңіп шыққан оқушылар қатыстырылды.
Байқау нәтижесі бойынша 1-орынға Серікқызы Аружан, Садық Батыржан, 2-орынға Шарафадин Диас, Сағатова Айгерім, Нартаева Айдана, 3-орынға Бижанова Перизат, Когай Анастасия, Қандыбек Айжан, Әбілқазықызы Ұлжан, Қожабаев Ермұханбек ие болды.