ЖАС ҒАЛЫМДАР БАЙҚАУЫ БОЛЫП ӨТТІ
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай, №264 мектеп-лицейінде «Жас ғалымдар арасындағы этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жұмыстар» байқауы өткізілді.
Байқау Қазақстан халқы Қызылорда облыстық хатшылығының қолдауымен, «Қоғамдық келісім» комуналдық мемлекеттік мекемесінің қатысуымен «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен болып өтті. Байқауға облыс аудандарынан және Қызылорда қаласының №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп интернаты мен №10 қазақ-түрік мектеп-лицейінен 24 оқушы қатысты. Байқаудың І кезеңі 2015 жылдың 10 қазанына дейін өткізіліп, облыстық кезеңге жеңіп шыққан оқушылар қатыстырылды.
Байқау нәтижесі бойынша Жалағаш ауданының №202 орта мектебінің, Қызылорда қаласының №202 мектеп-гимназиясының және №4 дарынды балдарга арналған мектеп-интернатының оқушылары жүлделі орындарға ие болды.