АНАЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ШЕКТЕЛГЕН ӘЙЕЛ БАЛАЛАРЫНА АЛИМЕНТ ТӨЛЕМЕК
Талапкер Қызылорда қалалық білім бөлімінің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органының жауапкерді ата-аналық құқығынан шектеу туралы азаматтық іс қаралды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жауапкер азаматша өзінің балаларының тәрбиесімен айналыспай, ішкілікке салынып, жұмыс істемей, балаларын жетімдер үйіне тастап кеткен. Өзінің тұрғылықты жері бойынша көршілермен жақсы мінезделмейтін жауапкер балалардың тәрбиесімен, оқу үлгерімімен мүлдем айналыспаған.
Аталған мәселелермен жүгінген талапкердің талап арызы Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен қанағаттандырылып, жауапкерді аналық құқығынан шектеп, балаларға қатысты алимент өндірілді. Шешім заңды күшіне енген.