ПІКІРСАЙЫСШЫЛАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҰРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ПІКІРЛЕРІН БІЛДІРДІ
Кеше Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен ««Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік системасы бар мемлекет»» тақырыбын талқылаған студенттер арасында пікірсайыс турнирі өткізілді.
Іс-шара барысында Департамент қызметкерлерімен «2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» бағыттары және осы бағытта атқарылып жатқан Департамент жұмысы түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық материалдар таратылды.
Өз сөзінде Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы А.Батырбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жұмысында айрықша үміт еліміздің болашағы осы жастарға арттырылатындығын атап өтті.
Пікірсайыста студенттер өз ойларын жеткізу дағдыларын, топта бірігіп дұрыс жұмыс жасау және өз қарсыластарының ой-пікірлеріне деген төзімділігін көрсетті. Сондай-ақ, тақырып бойынша әр түрлі ойларын білдірді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Елбасы саясатын қолдайтындығын жеткізді.
Турнир қорытындысы бойынша Департамент тарапынан пікірсайыс қатысушылары грамота, алғыс хаттармен марапатталып, оларға естелік сыйлықтар тапсырылды.