АРАЛ ТЕҢІЗІ ТАБАНЫНДА ПАЙДА БОЛАТЫН ТҰЗ АРАЛАС ШАҢДЫ ДАУЫЛДАР ҒАРЫШТАН ДА КӨРІНЕДІ
Арал теңізінің табанында пайда болатын тұз аралас шаңды дауылдарды ғарыштан да жәй көзбен көруге болады. Бұл туралы бүгін Алматыда «Ионосфера институты» еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өтіп жатқан Халықаралық «Алдыңғы қатарлы ғарыштық зерттеулер мен технологиялар» ғылыми-тәжірибелік семинар-отырысы барысында Қазақстанның үшінші ғарышкер-ұшқышы, Халық қаhарманы Айдын Айымбетов мәлімдеді.
«Ғарыштан, яғни 400 шақырымдық биіктіктен Арал теңізінің табанында пайда болатын тұз аралас шаңды дауылды жәй көзбен де көруге болады. Оның таралу радиусы 10 шақырымнан бірнеше жүздеген шақырымға жетеді. Сонымен қатар, ғарыштан шаңды дауылдар ғана емес, орманды алқаптарда болатын өрттер де ғарыштан жер ананың әдемі жүзін осқылаған шешек ауруы секілді көрініп жатады», - деді А. Айымбетов.
Айта кетелік, қазақстандық ғарышкер үстіміздегі жылдың 2-12-ші қыркүйегі аралығында Халықаралық ғарыш стансасында ҚР Аэроғарыш комитетінің Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы әзірлеген бесінші ғылыми бағдарламаны жүзеге асырған болатын. Сол бағдарлама аясында Айдын Айымбетов Арал теңізі, еліміздің тауларындағы мұздықтар және Каспий теңізі аймағына геофизикалық мониторинг жүргізді. Осы мақсатта жасалған ғылыми тәжірибелердің қорытындысы Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығында зерттелетін болады.