ХҚКО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
Дау-жанжалға дейін жеткізбей, адамдармен қалай қарым-қатынас орнатуға болады? Көшбасшы болу үшін не істеу керек? Көпшілік алдында қалай емін-еркін сөйлеуге болады? Осы сұрақтар сізді қызықтырады ма?
Дәл осы тақырыптар Халыққа қызмет көрсету орталығының әрбір қызметкеріне өте қажет. Осы құнды тақырыптарда дәріс алу мүмкіндігі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Кызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлеріне де жетті.
«Коммуникациялық құзыреттілікті жетілдіру», «Конфликтология», «Көпшілік алдын да сөз сөйлеу» тақырыптарында кәсіби медиатор, тренер Жанель Сариева тренинг өткізді. Тренингке Филиалдың барлық қалалық, аудандық бөлім басшылары мен әкімшілік басқару қызметкерлері қатысты.
«Кез келген адам қандай да болмасын дәріс алғанда, адамның сөзін тыңдағанда өзіне ұнамды жақтарын қабылдайды. Мен бүгінгі өткізіліп отырған тренингтің шеберлігіне тәнті болдым. Тың ақпарат тыңдау арқылы өзіме құнды ой түйдім. Өмірде, жұмыс барысында осы тренингте алған білімімді пайдалана отырып, үлкен нәтижеге жетемін деген сенімдемін» деп Сырдария аудандық бөлімінің басшысы Ж.Жұмабаев ағынан жарылды.
Тренингтің өне бойында қатысушылар бір-бірін одан әрі жақынырақ танып, түрлі рөлдік ойындап ойнап, өздерін жан-жақты қырынан көрсете білді.
Осы орайда тренингті өткізуші Ж.Сариева да «Бұл тренингті өткізуге бастама жасап, оны ұйымдастыруға ұйытқы болған Филиал басшылығына ризашылығымды білдіремін. Бүгінгі аудитория қатысушыларының белсенділігін, оқуға деген құштарлығы мол екендігін сезіндім. Қатысушылардың белсенді болуы да тренерге күш беретіндігін атап өту керек. Тренинг қатысушылары өмірде де, тәжірибеде де теория мен практиканы ұштастыра отырып, алған білімдерін тиімді пайдаланады деп есептеймін. Ұжымға дән ризамын», деп өз алған әсерімен бөлісті. Тренинг соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.