АХМЕТОВ ІСІ: ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ФИРМАЛЫҚ БЛАНКІЛЕРІ ЗАҢСЫЗ ЖОЛМЕН БЕРІЛГЕН
Серік Ахметов басқарған жылдары Қарағанды облыстық әкімдігінде фирмалық бланкілерді беруде заңсыздықтарға жол берілген. Мәселен, «ИПММ» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін хаттар жолдауға әкімдік бланкілерін компания директоры Анатолий Ессе алып отырған. Бұл туралы жемқорлық сипаттағы қылмыс бойынша айыпталған еліміздің бұрыңғы Премьер-министрі Серік Ахметовтың ісі бойынша сот отырысы барысында Қарағанды облысы әкімдігінің тауар айналымын мониторингтеу жөніндегі инспекторы Мәдина Тәуірбаева мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Облыстық әкімдікте бас маман қызметін атқарып жүрген маған фирмалық бланкілерді беру міндеті жүктелді. Негізінен бланкілерді беру жұмысымен біздің бөлімнің басқа бас маманы айналысатын. Ол жоқ кезде бөлім басшысының рұқсатымен маған бланкі беруге рұқсат берілді», - деп баяндады М.Тәуірбаева.
Оның айтуынша, әр фирмалық бланкі берілген сайын ол облыстық әкім аппаратының бланкі беруді тіркеу журналында есепке алынып отырған. Бөтен адамдарға ол берілмейді.
Сот тыңдауы барысында белгілі болғандай, «ИПММ» ЖШС облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімі болып табылмайды, сондықтан оның директоры – А.Ессе облыс әкімдігінің бланкілерін алуға құқығы болмаған. Бірақ мұндай оқиға істі қарау барысында анықталды.
«Кабинетке Анатолий Эрикович кіріп, фирмалық бланкі сұрады. Оны үнемі біздің ғимаратта көретінмін, себебі олар бесінші қабатта отырды. Сондай-ақ Ессе мырза облыс әкімінің қатысуымен өткен барлық жиналыстарға қатысып, оны жиындарда жиі кездестіретінмін. Анатолий Эрикович облыс әкімінің бланкін беру өтінішімен жүгінген кезде басшылықтың рұқсатынсыз бланкі беруге құзыретім жоқ екенін түсіндіре келе, басшылыққа қоңырау шалайын деп жатқан едім. Кенеттен, өз жұмыстарымен болуы керек, кабинетке Нелдібаев Ерлан Мекежанұлы кіріп келді. Сол сәтті пайдаланып: «Ерлан Мекежанұлы, Анатолий Эрикович әкім бланкін сұрап жатыр», - дедім. Ол: «Жарайды, беріңіз», - деді. Мен облыс әкімінің бланкін беріп, оны журналға тіркедім, Анатолий Эрикович қолын қойды», - деп әңгімеледі куәгер М.Тәуірбаева.
Бұған дейін тергеу барысында куәгер Нелдібаевтың өзіне қашан және қандай адамдарға бланкі беру керектігін бірнеше рет нұсқағанын айтып берді.
«Қазбаев (бөлімнің бас маманы – автор) жұмыс орнында болмаған кезінде кімде-кім Қарағанды облысы әкімдігінің фирмалық бланкін сұрап келсе, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Нелдібаев телефонымен қоңырау шалып, осындай адам келеді, оған фирмалық бланкі беру керек деп ескертіп отырды. Кей жағдайларда Нелдібаев өз кабинетіне шақырып, фирмалық бланкі беру керектігін айтатын, кейде оның өзі біздің кабинетке келіп, сондай тапсырма беріп кететін», - деп мәлім етті М.Тәуірбаева бұдан бұрын берген түсініктемесінде.