ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ПОЛКОВНИГІ ЖЕКЕ ҚҰРАМДЫ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ №1 мамандандырылған өрт бөлімінің алаңқайында Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күнінің 20 жылдығына орай салтанатты сапқа тұру өткізілді.
Дәстүрлі сапқа тұрғызылды, ту алып шығарылды, Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалды және мемлекеттік туымыз көтерілді. Іс-шарада мекеме бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі Оразбек Жұмабеков жеке құрамды мейрамымен құттықтады.
- Құрметті әріптестер, сіздерге үйреншікті болған батырлық пен қайсарлықтарыңыз үшін алғысымызды қабыл алыңыздар. Әрі қарайғы кәсіби шеберліктеріңізді арттыруға тілектеспін, Отанымыз үшін жаңа жетістіктер, сіздерге және жақындарыңызға бақыт тілеймін, - деді ол өзінің құттықтау сөзінде.
«Ант етемін» - деп Қызылорда облысының өртке қарсы қызмет гарнизонының алдында 20 жас қызметкер салтанатты тұрғыда Отанына ресми және салтанатты түрде уәде берді.
- Бүгін сіздер біздің Отанымызға адал болуға ант бердіңіздер. Бұл әрбір адам үшін маңызды және жауапкершілікті қадам, құрметті мамандықты таңдаған адам үшін – Отанға қызмет ету, қайғыға ұшыраған адамның бәріне көмекке келуге дайын болу. Бүгін ант бергендер өртке қарсы қызметтің, тату және берекелі мамандардың тобына қайсар, ақылды және өзінің әскери және азаматтық борышын адал орындайтындардың қатарына қосылды,- деді Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі Оразбек Жұмабеков.
Іс-шараның соңында әскери қызметін өтеу кезінде қаза болған қызметкерлердің ескерткіштеріне гүл қойылды. Одан кейін жеке құрамның сапқа тұруы өткізілді.
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және
авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ