ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Тәуелсіз еліміздің мықты болуы кәсіпкерліктің дамуымен де тығыз байланысты. Кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарпынан жан-жақты қолдаулар жасалуда. Дегенмен, партия тарапынан кәсіпкерлерге құқықтық қөмек көрсету үшін Қызылорда теміржол вокзалы аумағында орналасқан дүңгіршектерде жолаушылар мен вокзалға келіп-кеткен халыққа қызмет көрсететін кәсіпкерлер қалай жұмыс істейді, оларға қандай көмек керек. Міне, осы мәселелер бойынша кәсіпкерлермен кездесу өткізілді.
Кездесуге Аймақтық көлік басқармасы Қызылорда аймағы бойынша аға прокурор Кенжебек Ердәулетов пен Қызылорда бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының бөлімше бастығы Аққали Рысбаев келді.
«Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева кездесудің маңыздылығын айта отырып, партиялық 13 жобаның бірі «Мықты бизнес-қуатты мемлекет» жоба аясында еліміздегі ішкі жалпы өнімнің елеулі бөлігін өндіріп отырған шағын және орта кәсіпкерлік бизнестің жұмысын жандандыру үшін кәсіпкерлікті дамытуға жағдай туғызу керектігіне тоқтады. Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының бөлім басшысы Аққали Рысбаев та өз тарапынан хабарлама жасады. Онда кәсіпкерлердің тұтынушыларға қажетті деңгейде қызмет көрсетілуі керектігін айта отырып шет елдерден келетін сапасы сын көтермейтін бірқатар өнімдердің тізбесін кәсіпкерлерге таратып, халыққа сатылмауын хабарлады. Кездесу барысында кәсіпкерлердің ұсыныс пікірлері тыңдалды.