ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР ТУҒЫЗҒАН ІС БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ
Ағымдағы жылдың 19 қазан күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Сабыров жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша брифинг өткізді.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, араққа тойып алған 60 жастағы сотталушы туысқанының үйіне келіп, онымен ерегісіп, сөзге келіп, өзімен бірге алып келген оқтаулы мылтығымен ашықтан ашық дарбаза сыртынан атқан. Нәтижесінде нағашысының сол мезгілде ауласының ішінде жүрген оның жүкті келіні мен жас сәби немересі атылған қару оғынан қайтыс болғандығы туралы қылмыстық іс бойынша «Қоғам-ТВ» журналистерінің қойған сұрақтарына жауап берді.
Сот үкімімен қылмыскер 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.