ӘКЕ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ ЖИЫНҒА АРҚАУ БОЛДЫ
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен Қызылорда облысының «Азаматтық Альянсы» қауымдастығының қолдауы негізінде, «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Отбасындағы әке институтын дамыту» тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізілді.
Аға буын өкілдері мен жастардың басын қосқан жиын отбасындағы әкенің рөлін дамыту жайында тереңнен сөз қозғады. Шарада облысымызға белгілі азаматтар Қазыбай Құдайбергенов, Сайлаубай Әбішев, Жұмакүл Құдиярова, Әмірхан Бәкірұлы, Жұмабай Омарұлы, Сәкен Серікбаев сынды азаматтар қатысып, тәлім-тәрбие, отбасындағы әкенің беделі жайында өз ойларын ортаға салды.
- Жас отбасыларды өз халқына тән қадір-қасиетімен сусындатып, отбасындағы ана мейірімі мен әке рөлінің бекемдігін мемлекет тірегіне айналдыру – бүгінгі шараның мақсаты. Қоғамдық тыңдау ұрпақтар сабақтастығын түзіп, келешек отбасын құратын жастарға үлгі болады деген сенімдеміз,- дейді қоғамдық қор директоры Нұрлан Нұрмаханов.
Шара барысында Сыр еліне белгілі азамат Сайлаубай Әбішұлының өнегелі шаңырағы жайлы даярланған видеосюжет көпшілік қауымға лед экран арқылы көрсетіліп, берекелі шаңырақ иесінің отбасы тәрбиесіндегі тағылымды тұстары айтылды.