ЭКОНОМИКАЛЫҚ СОТ 2015 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында 2015 жылғы 9 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлады Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі.
Іс-шараға судьялар, жергілікті ақпарат құралдары мен шағын және орта кәсіп өкілдері қатысты. Судья С.Умарсирикова 2015 жылдың 9 айындағы жұмысты қорытындылай келе, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 2562 талап арыз түскенін, 2269 шешім, оның ішінде 60 сырттай шешім шығарылғанын, барлығы 2595 азаматтық істің аяқталғанын жеткізді.
Баспасөз-конференциясы барысында судья С.Умарсирикова бес институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі ұлт жоспары субъектілердің азаматтық-құқықтық қорғалуы, заңдылықтар мен құқықтық тәртіптің нығаюы үшін жағдай туғызуда, оның заңды ұлықтауды қамтамасыз ету бойынша екінші институционалдық реформаға жете тоқталғанын атап кетті.
Сонымен қатар, сот жүйесіне жаңадан ақпараттық, техникалық заманауи құрылғыларының енуіне байланысты «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы электронды талап арыздар көп түсуде. «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін азаматтарға беретін мүмкіндіктері мол. Азаматтар талап арызды электронды түрде жолдай отырып мемлекеттік баж салығын электронды түрде төлеу мүмкіндіктері қарастырылғанын айтып өтті.