ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЕТІ ЖЫЛ БҰРЫН ТІКҰШАҚ АПАТЫНДА ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫ ЕСКЕ АЛДЫ
Құтқарушылар күніне 20 жыл толуы аясында Қызылорда облысында бұдан жеті жыл бұрын тікұшақ апатында қаза тапқандарды еске алу рәсімі болды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
2008 жылдың 28 ақпанындағы қайғылы оқиға республикадағы бірде-бір адамды бей-жай қалдырған жоқ. Облыс аумағындағы су тасқынынан қорғау мақсатындағы іс-шаралар барысында Сырдария өзені үстінен бақылау үшін ұшып өткен «МИ-8» тікұшағы апатқа ұшырады.
Сол күні қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза болғандар қатарында департамент бастығының орынбасары полковник Қазбек Төреманов, журналист Сахитжан Бермағамбетов, ұшқыштар Виталий Глазунов, Нұрлан Құмаров, Фахретдин Оңғарбаев және Ғалым Нұрмағамбетов бар еді. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жыл сайын тікұшақ апатынан мерт болғандарды еске алу шараларын өткізіп келеді.
Құтқарушылар күні қарсаңында әріптестерін еске алу шарасы Жалағаш ауданындағы мемориал тақта жанында болды. Іс-шарада Жалағаш ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев, Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Мұрат Келесов, Қызылорда облысы ТЖД ардагері Борис Лузарченко қатысып, сөз сөйледі. Қатысушылар бір минуттік үнсіздік жариялап, еске алу тақтасына гүл шоқтарын қойып, әруақтарға Құран бағыштады.