ҚАЗАҚСТАНҒА 2015 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 3 МЫҢНАН АСТАМ ОРАЛМАН КЕЛДІ
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметтерінше, 1 қазандағы мәліметтер бойынша, биылғы жылдың басынан бері тарихи отанына 3 мың 12 этникалық қазақ оралып (1164 отбасы), оралман мәртебесін алды.
Қайта оралған оралмандардың басым көпшілігі Жамбыл облысына – 213 отбасы (529 адам), Оңтүстік Қазақстан облысы – 208 отбасы (527 адам), Қостанай облысына – 189 отбасы (452 адам), Маңғыстау облысы – 108 отбасы (487 адам), тағы бірқатары елдің өзге де аймақтарына қоныстанған.
Оралмандардың көпшілігі, нақтырақ айтқанда 78,6 пайызы Өзбекстаннан -, 6,7 пайызы Түркменстаннан, 6 пайызы Қытайдан, 3,1 пайыз Моңғолиядан, 5,6 пайызы басқа аймақтардан келген.
Еңбекке жарамды жастағы тұлғалардың көрсеткіші - 61,1 пайы, 18 жасқа дейінгі балалар - 32,5 пайыз, зейнеткерлер - 6,3 пайыз болып отыр.
Еңбекке жарамды жастағы оралмандардың 49,6 пайызы орта білімді, 32,8 пайызы орта арнаулы, 15,4 пайызы жоғарғы білімді, 2,1 пайызының білімі жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 1991 мен 2014 жылдар аралығында Қазақстанға 259 мың 159 отбасы болмаса 952 мың 882 этникалық қазақтар қайта келіп, оралман мәртебесін алған болатын. Бұл жалпы халық санының 5,5 пайызы.