ҚАЗАҚСТАНДА ІШІМДІКТІ ШАМАДАН ТЫС ҚОЛДАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ОНКҮНДІК БАСТАЛДЫ
2015 жылдың 19 мен 28 қазаны аралығында еліміздің барлық аймақтарында ішімдіктен бас тарту Ұлттық күнінің аясында «Алкогольді ішімдіктер жарнамасын тоқтату қажет!» деген ұранмен онкүндік өтеді, деп жазады mzsr.gov.kz.
Шараны өткізудегі мақсат – халықтың алкогольді ішімдіктердің ағзаға тигізетін жағымсыз әсері туралы хабардарлығын арттыру, балалардың, жасөспірімдер мен жастардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Онкүндік барысында медициналық ұйымдарда мамандар кеңесінің ашық есік күндері өтеді: дөңгелек үстелдер; психолог, нарколог, әлеуметтік мамандардың қатысуымен оқу орындарында алкогольді ішімдіктерден бас тарту әдетін қалыптастыру; «Дені сау қала» кең көлемді акциясы, жасөспірімдер мен жастардың қатысуымен халық көп шоғырланған жерлерде флеш-мобтар өткізу; аймақтық СӨС орталықтары базасында жастардың денсаулық орталықтары қызметкерлері және мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары үшін шеберлік сыныптары; «Балалар лигасы ішімдікке қарсы!» ұранымен оқушылар арасындағы байқаулар.
Алкогольді ішімдіктерді шамадан тыс қолдану өлімнің кобеюіне, денсаулықтың және тұрғындардың еңбекке қабілеттілігінің нашарлауына басты себеп болып отыр. Ол психикалық және мінез-құлықтық ауытқуларға, оның ішінде ішімдікке тәуелділікке, бауыр циррозы, қатерлі ісіктің кейбір түрлеріне, жүрек-қан тамырларының аурулары және тағы басқа ауыр жұқпалы ауруларға әкеп соғады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, әлемде ішімдікті шамадан тыс қолданудың нәтижесінде жыл сайын 3,3 млн. адам қайтыс болады. Қазақстанда 2014 жылы психикалық және мінез-құлықтың ауытқушылығымен ауыратын тұрғындардың саны 100 мың адамға шаққанда 210-ды құрады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда алкогольді ішімдіктен бас тарту Ұлттық күні 2007 жылдан бері аталып келеді.
2011 жылы ДДҰ Еуропалық бюросы 53 елінің өкілдері алкогольді ішімдікті қолдануды азайтуға бағытталған 2012-2020 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарын бекіткен болатын. Бұл құжатта аталған проблеманың барлық қырлары қарастырылып, алкогольмен байланысты жағымсыз әсерлерді азайтудің тиімділігі дәлелденген әрекеттердің бірнеше нұсқаларын ұсынылды. Алкогольдің бағасын ырықтандыру, көлікті мас күйінде жүргізуді реттеу мен алкогольді жарнамалауды азайту шаралары едәуір тиімді стратегиялар болып табылады.