ҚЫЗЫЛОРДАДА «БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті Пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарға жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жоспарларға сәйкес жүйелі түрде әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетіліп отырады.
Әлеуметтік-құқықтық көмектердің бірі - есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру болып табылады.
2015 жылғы 14 қазан күні Қызылорда қалалық әкімдігі, Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ықпалымен А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталғандармен және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылып шыққандарды жұмыспен қамту мақсатында «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге Қызылорда қаласындағы әртүрлі меншіктегі 22 кәсіпорын қатысып, өз мекемелеріндегі бос жұмыс орындарын ұсынды.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ депаратаменті бастығының орынбасары әділет майоры Т.Тұрсынбаев өз сөзінде, ұйымдастырылып отырған жәрмеңкенің маңыздылығына тоқтала кетіп, Қызылорда қалалық пробация қызметі бөлімінде есепте тұратын сотталғандарды жұмысқа орналастыру бағытында жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді. Жәрмеңкеге Қызылорда қалалық пробация қызметі бөлімінде есепте тұратын 35 сотталған азамат қатыстырылды.
Есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру олардың құқықбұзушылықтар мен қайта қылмыс жасауларының алдын алу шараларының бірі болып табылады.
Сонымен қатар "Еңбек” Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Еңбек –Қызылорда” филиалы шығаратын өнімдерін көпшілік назарына ұсынды
Мейірбек БАЗАРБЕК,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті
СЕҰ тобының бас маманы, әділет майоры