БАСҚАРМА БАСШЫСЫНА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Облыстық прокуратурамен Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) қызметіне тексеру жүргізу барысында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқықбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.
Атап айтсақ, мемлекеттік сатып алу және жоспарлау бөлімінің басшысы Н.Дүйсенбекова әлеуетті жеткізушілердің 3 млн. тенге кепілдік жарналарын мерзімінде аудармай, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің жүзеге асыруына кедергі жасап, өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзған.
Өз кезегінде Н.Дүйсенбекова тапсырысты қамтамасыз етуге төлеген 1,3 млн. теңгені кәсіпкерлерге негізсіз қайтарған, нәтижесінде прокурорлық қадағалау актісімен қаржылардың мемлекетке қайтарылуы қамтамасыз етілді.
Осыған байланысты 30.05.2015 жылы басқарма бастығына сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқықбұзушылыққа жол берген кінәлі адамды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныс енгізілді.
Алайда, басқарма бастығы М.Бәйімбетов өз құзіреті шегінде Н.Дүйсенбековаға қатысты тәртіптік шаралар қолданбай, оның жауаптылықтан босатылуына жол берген (мерзімінің өтуіне байланысты).
«Өзінің бағынысындағы сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылыққа жол берген кінәлі тұлғаға шара қолданбағаны үшін облыстық прокуратурамен басқарма бастығы М.Бәйімбетовке қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 680-бабымен әкімшілік өндіріс қозғалды.
Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының 14.09.2015 жылғы қаулысымен басқарма бастығы ҚРӘҚБтК-нің 680-бабымен кінәлі деп табылып, 100 АЕК (198200 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Бұдан бұрын облыстық прокуратураның ұсынысы негізінде басқарма бастығы М.Бәйімбетов мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының бұзылуына жол бергені үшін ӘҚБтК-нің 207-бабы 9-бөлімімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 100 АЕК (198200 теңге) көлемінде айыппұл салынған болатын», - делінген хабарламада.